Кейіпкер бейнесін қалай таңдауға болады?
Өте оңай:
1. Ыңайлы отырып сіздің санаңызда жеке дара тұлға ретінде ұмытылмас із қалдырған немесе жай ған сізге қатты ұнайтын кейіпкерді еске түсіруге тырысыңыз. Ондай кейіпкер бар болса шешім табылды деуге болады.
2. Сізге бет-әлпетімен немесе мінез-құлқымен ұқсайтын кейіпкерді еске алып көріңіз. Егер қиындықтар туындаған болса сізге
«Сіз қандай кино кейіпкерісіз» деген тестті өтіп қандай кейіпкерге ұқсайтыныңызды анықтауға ұсынамыз.
Айта кетейік, бұл тест бірнеше кейіпкерді ұсынады.
3. Кейіпкерді таңдау мәселесі шешілмесе және алғашқы екі пункт көмектеспесе сізге басқа да ұсынарымыз бар. Ең есте қаларлық фильмде, телебаянда, анимеде көрген біртуар кейіпкеріңізге айналуды ойластырыңыз. Басқаша айтқанда әркім білетін кейіпкерді таңдаңыз.
Мысал: Хоббит фильміндегі Бильбо Беггинс, Матрицадағы Нео, Сиқыр әлеміндегі Алисадағы Черви Ханшайымы, Тақтар ойындарындағы Дэйнерис Таргариен, Нарутодағы Итачи Учиха және тағы басқалары.
4. Енді қалаған кейіпкер бейнесін таңдап үлгерсеңіз, алайда костюмді қай жерден сатып алуға болатынын білмесеңіз Алматы қаласында костюмдерді жалға беру қызметімен айналысатын орындардың тізімін сізге арнайы дайындап қойдық:
https://dilizhans-show.kz/https://www.instagram.com/prokat.tomiris/https://www.instagram.com/zlata_prokat_kostumov/https://www.instagram.com/elkinokz/P.S. Естеріңізге саламыз, бұл кеште нәсіл, жыныс және физикалық қасиеттерге шектен тыс назар аудармаған жөн, бұл кеште барлығы да мүмкін. Ең бастысы кейіпкер бейнесінің негізгі элементтерін анықтап оны өз тұла бойыңызға сомдап көріңіз.
Ал енді ең басты жаңалық...